Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мас күйде көлік басқарған қызылқоғалық тұрғын  20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

Қызылқоға аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 608-бабының 6-бөлігіне сай, көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, алкогольдік масаң күйінде көлік басқарған азамат Д.Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Д.Д. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде «ВАЗ 21110» маркалы көлік құралын Миялы ауылы, «Бақыт» мейрамханасы тұсында басқарып, жәбірленуші С.А.-ның басқаруындағы автокөлігіне соқтығыс жасап, жол көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде көлік құралының бүлiнуiне алып келген материалдық залал келтiрген.   

Сот отырысында Д.Д. кінәсін мойындап, жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра, автокөлік құралын ішімдік ішкен күйде басқарғанын, үйде ауырып жатқан баласына асығып,жол көлік оқиғасын жасағанын, жасаған әрекетіне кешірім сұрайтынын айтып көрсетті.

ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігінде -  жүргізушінің көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан,көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару әрекеттер үшін - жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза көзделген.

Сот қаулысымен азамат Д.Д. ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20  тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Мас жүргізуші – адам өміріне қауіп төндіруші десек те, тиісті заң талаптары қатайса да, көлікті алкогольдік масаң күйде жүргізетіндер саны азаймай отыр. Тіпті  ешқандай жүргізушілік куәлігін алмай, көлік басқаруға құқығы жоқ бола тұра, автокөлік рөліне отырып, жол оқиғасын жасағаны тым шеттен шыққандық.

 Кез-келген жүргізуші адам тағдыры алдындағы жауапкершілігін сезініп, ішімдік ішкен күйде көлік жүргізудің соңы жақсылыққа апармайтындығын естен шығармағандары дұрыс. Өйткені бұл бағыттағы заң талабы одан әрі қатаймаса, жеңілдеген жоқ.

 

Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521