Медиаторлар не деді?

Жақында аудандық соттың ұйымдастыруымен «Медиация жұмысын одан әрі жетілдіру және насихаттау» тақырыбында жиын өтті.

Оған аудандағы кәсіби емес медиаторлар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Жиынды ашқан аудандық соттың төрағасы Айтжан Досмағамбетова:

– Медиация ұғымы қазаққа жат емес. Кезінде қазақ даласында дауласқан екі жаққа басу айтып, бітімге келтіретін ел ағалары мен ардақты аналар болған. Қазіргі медиация түсінігі сол дәстүрдің жалғасындай екенін ұмытпаған жөн. Биылғы жылы кәсіби емес медаиаторлар тізіміне енген жандар да сол баба дәстүрін жалғастырып, даулы мәселелерді әділ шешеді деген сенімдеміз. Қазір аудандық сотта көп қаралатын істің бірі – отбасы дауы. Медиаторлар осы мәселеге баса назар аударған жөн. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 217-VІ заңымен кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айта кетейін. Жаңа заңға сай енді ұрлықтың қайталануына жауапкершілік күшейтілді. Мысалы, бұрын бірнеше рет ұрлық жасау орташа ауырлықтағы қылмыс санатына жатса, енді ол ауыр қылмыс санатына ауыстырылды. Енді ұрлықты бірнеше мәрте жасаған адам мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласа алмайды, – деді.

Сот төрағасының сөзінен кейін кәсіби емес медиаторлар мен жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы ажырасу мен басқа да дау-жанжалдарды шешу бағытында пікір алмасты. Жиынды қортындылаған сот төрағасы қатысушыларға алғысын айтып, алдағы уақытта қоғамның қордаланған мәселелерін шешу жолында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Дулат МӘТЖАН

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика