Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Барымташылар қолға түсті

Соңғы жылдары аудан көлеміндегі өзекті мәселенің бірі – мал ұрлығы болатын. Тұрғындардың бағып отырған ақ адал малдары даладан да, қорадан да ұрлануда. Әсіресе, малдарының жоғалып кететінін Қызылқоға, Жамбыл ауылдық округтерінің тұрғындары жиі айтатын.

Жақында Қызылқоға ауылдық округі тұрғындарының жылқыларын ұрлаған барымташылар қолға түсті. Бес адамнан тұратын қылмыстық топ көршілес Индер ауданының азаматтары болып шықты. Аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Ришат Нәсіпқалиевтің айтуынша, күдіктілер даладан сегіз бас жылқыны көлікке тиеп алып кеткен. Жәбірленушілерден келіп түскен арыз бойынша жедел іздестіру тобы құрылып, күдіктілер тұрғылықты жері бойынша Индер ауданынан ұсталды. Ұрланған сегіз жылқының үшеуін полицейлер мал сою орнынан тауып, тәркіледі. Бүгінде үш жәбірленуші өздеріне келтірілген шығып мөлшерін 2 миллион 350 мың теңгеге бағалап отыр.

Сот қаулысымен күдіктілерге екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланып, оның ішінде екеуіне кепіл тағайындалды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 1 тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521