Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мал ауруына қатысты жиын өтті

«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мал ауруына қатысты  жиын өткізді»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға Алматыдан арнайы шақырылған Қазақ Ғылыми-зерттеу ветеринария институтының, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының сондай-ақ Ветеринария бойынша Ұлттық референттік орталығы РМК мамандары және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы мен селекторлық режимде аудан әкімдері қатысты. Сондай-ақ жиынға шаруа қожалықтарының өкілдері шақырылған болатын.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат Алматыдан арнайы келген мамандармен және құрылған комиссиямен бірге Исатай, Құрманғазы және Қызылқоға ауданына барып келгенін мәлімдеді. Оның сөзінше, зерттеу үшін ауруға шалдыққан деп жорамалданып отырған малдардың қаны мен ішкі ағзаларының сынамалары алынған.

Ал, Қазақ Ғылыми-зерттеу ветеринария институтының маманы Серікбай Қадыров мал ауруына байланысты қазіргі жағдайды баяндады.

«Жүргізілген зерттеулердің алдын-ала қорытындысына сүйене отырып мынаны айтуға болады – ауырған малдарда қауіпті, жаппай таралатын инфекция жоқ. Бір байқағанымыз, ауырда деген малдардың күйі нашар. Зертханалық тексерулердің нәтижелерін алған соң нақты қорытындысын айтамыз. Ол үшін шамамен 10-15 күн уақыт керек. Жалпы ауырды деген малдардан жүйкелік-паралитикалық интоксикация нышандары байқалды. Ал, қазіргі сәтте сараптама шыққанға дейін арнайы ерітінділерді қолдана отырып, деинтоксикация курсын өткізуге кеңес беремін»,-деді С.Қадыров.

Жиында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жауапты тұлғаларға мал ауруының алдын алуды тапсырды.

«Сараптама нәтижесі шыққан бойда шұғыл түрде тиісті іс-шараларды қабылдаңыздар. Ал, қазіргі сәтте берілген нұсқаулық бойынша алдын ала емдеу жұмыстарын ұйымдастыра беріңіздер. Шаруа қожалықтары мен мал иелерімен байланыста болып, істеліп жатқан жұмыстардан хабардар етіп, мамандар айтқан емдеу тәсілдерін түсіндіріңіздер»,-деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT