Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Махамбет Досмұхамбетов: Ғылым мен техниканың жаңа мүмкіндіктерін дамыту өркендетуге қол жеткізеді

«Бүгін Х.Досмұхамедов атынағы Атырау университетінде «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов қатысушыларды конференцияның басталуымен құттықтады.

«Маңызды басқосудың ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткізілуінің өзіндік мәні бар. Тәуелсіздік жылдары пайда болған бұл мерекені жалпы ғылымға, ғылым саласында жүрген барша қызметкерге көрсетілген құрмет деп санаймын.

Еліміздің әлеуетін еселеп, әлемдік деңгейде беделінің артуына отандық ғылымның дамуы тікелей әсер етеді. Өздеріңіз білетіндей, қазір ғылым мен техниканың қарқынды даму заманы. Еліміз қазба байлыққа бай дегенмен, ғылым мен техниканың жаңа мүмкіндіктерін дамытпай қарыштап өркендеуіміз мүмкін емес. Осы орайда, өңіріміздегі жоғары оқу орындарының ғалымдарына қойылатын міндет пен жауапкершілік те аз емес»,-деген облыс әкімі, бұл бағыт мемлекет басшысының да назарында екенін атап өтті.

«Атап айтқанда, Президент 2020-2022 жылдары ғылымға бөлінетін қаржыны екі есеге өсіру, ал 2025 жылға қарай ғылымға бөлінетін қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 1 пайызына жеткізу туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, Президент қазақстандық ғылыми қауымдастық алдына бірнеше міндеттер қойды»,-деген М.Досмұхамбетов, аталған міндеттерді айтып өтті. Олардың ішінде ғылымды қаржыландыруға ірі өнеркәсіп орындарының қаражаттарын тарту, жалпыұлттық ғылыми басымдыққа сай ғылым мен технологияға қаржыландыруды көбейту, ұлттық деңгейде қолданбалы мәселелерді шешу мақсатында еліміздің ғылыми-техникалық дамуына арналған бағдарламалық құжат дайындау мен өзге де тапсырмалар бар. Бұған қоса, «Жас ғалым» жобасы бойынша 1000 грант бөлу, «500 ғалым», «Болашақ» бағдарламасымен тағылымдамадан өту сынды қолдаулар бар екеніне тоқталды.

Өз кезегінде университеттің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларға тоқталды.

«Мемлекет тарапынан ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, ғалымдарды ғылыммен айналысуға ынталандыруды мақсатында ғылымды қаржыландырудың үш формасы:  базалық, гранттық, мақсатты-бағдарламалық тетіктері қарастырылып, халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуге мән беріліп отыр. Мәселен, мемлекет басшысының былтырғы Жолдауына сәйкес «500 ғалымның жыл сайын шетелдік тағылымдамадан өтуі» туралы ұсыныс отандық ғалымдар мен профессура  ортасында үлкен қолдауға ие болып,  биыл «Болашақ» бағдарамасы арқылы алғашқы тағылымдамалар басталды. Бұл конкурсқа Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен де ғалым педагогтар қатысып, нәтижесінде алты оқытушы «Болашақ» арқылы Англия, Германия мемлекеттерінде тағылымдамадан өтетін болды»,-деді ол.

Ал, филология ғылымдарының докторы, профессор, мемлекет және қоғам қайраткері Бейбіт Мамраев өз сөзінде университетке фундаменталды кітапхана керек екенін айтып өтті.

Іс-шарада білім ордасының ұстаздары Бақтыгүл Абыканова, Бақыт Тұрмағанбетова, Самал Шамшеденова облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Айта кетейік, конференцияға «Қазақстанның еңбек Ері», мәдениет қайраткері Илья Жақанов, және әлемнің онға тарта елінен онлайн және оффлайн режимде көптеген ғалымдар қатысты.

Төрт күнге созылатын конференцияда жаратылыстану, физика-математикалық және техникалық, филологиялық, экономикалық, педагогикалық ғылымдар, география және экология, тарих және археология саласына қатысты секциялар жұмыс істеп, баяндамалар жасалып, талқылаулар болады

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521