Қазір барлық ел, соның ішінде ең озық елдер, жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз үлгілерін қайта қарап, жауапкершілікті қатаңдату туралы жаңа заңдар мен нормаларды қабылдауда.
Бұл жыл сайын мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында баса айтылып жүр. Біздің мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпымемлекеттік мәртебе берілгендіктен, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу бойынша қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп үлкен жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте, әрбір азамат әрқашан сыбайлас жемқорлықпен күресуді өзінен бастап, өз міндеттерін адал және әділ орындау керек. Сонда ғана біздің еліміз сыбайлас жемқорлық жоқ әлемдегі мемлекеттердің біріне айналады.
Дулат НЫҒМЕТОВ



