Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Маңызды мәселелерге мән берілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына өзінің алғашқы Жолдауын жолдады.

Парламент пен Үкімет мүшелері алдында сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кіріспе сөзінде еліміздің Тәуелсіздік алғаннан осы уақытқа дейінгі жылдарын «Жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі» деп атады. Содан соң бүгінгі буынға Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын айтып, сол мақсатта алдағы уақытта елімізде жасалатын жұмыстарға тоқталды. Президенттің бұл Жолдауы еліміздегі көптеген түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатты десем де болады. Соның ішінде ұстаздардың жалақысын көтеру, ауыр қылмыс жасағандардың жазасын күшейту, көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту, ауылдағы дарынды жастарды қолдау сынды бірқатар мәселелерді көтергені көңілден шықты.

Әсіресе, «Жылдың аяғына дейін алты мыңға жуық отбасы баспаналы болады. Ең алдымен көпбалалы отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасы баспанамен қамтылады» дегені өте қуанарлық жағдай. Сөздің шыны керек қазір барлық жерде баспана мәселесі өте өзекті. Әсіресе, жоғарыда айтқандай көпбалалы отбасылар үшін баспана мәселесі қиын. Сонымен қатар, президент 2020 жылы осы секілді 10 мың отбасыға баспана берілетінін, Үкімет оның орындалуын қатаң бақылау керектігін атап өтті. Аталмыш жолдауда баспана мәселесінен кейін қозғалған ең өзекті тақырып – білім мен мәдениет саласы мамандарының жалақысын көтеру болды. Бұл біз сияқты алыс аудандар үшін өте қуанышты жаңалық. Өйткені, біздің аудандағы әйел адамдардың басым көпшілігі осы салаларда қызмет ететіні белгілі. Қорыта айтқанда, бұл Жолдаудың мәні де, мағынасы да бөлек болды. Енді тек осы айтылғандар іс жүзінде тезірек жүзеге асса екен деп тілейміз.

Мақсот КАРИН,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521