Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАДІРІ АРТПАҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында, қазақ тілінің мемлекет ішінде рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналар кезеңінің жеткенін атап өтті.

Алайда, «Мұндай дәрежеге жету үшін даңғаза жасамай, барлығымыз жұмыла жұмыс жасауымыз керек»,-деген президент ұлттық тілдің қазіргі дәрежесіне алаңдаушылық білдірді. Ұлттық тіліміздің мемлекеттік тіл дәрежесін алғанына 25 жылдан астам уақыт өтсе де халық арасында қазақ тілінен гөрі ресми тілдің дәрежесі асқақтап тұрғанын жасыра алмаймыз. Әрине, біздің аудан тұрғындарының тарапынан қазақ тіліне байланысты мәселелер туындамаса да, қалалық жерлерде бұл тақырып өте ауқымды болып тұр. Әсіресе, біз сияқты қазақы ауылдан шыққан жастарға үлкен қалаларға барғанда қиын.

Осыны жете түсінген мемлекет басшысы қазақ тілінің аясын кеңейтіп, мәртебесін асқақтатуды тапсырды. Мен мұны қос қолдап қолдаймын. Өзім болашақ журналист болғандықтан көшеде жүргенде ілінген жарнамалар мен бильбордтарды қарап жүремін. Сонда байқағаным – көбі орыс тілінде жазылады. Қазақша жазылғанының өзі сауатсыз. Соларды көре отырып қазақ тілінің болашағына алаңдап жүрген едік. Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында ол олқылықтардың орны толатындығына тоқталды.

Қорыта айтқанда, осындай ауқымды тақырыпты дер кезінде көтерген мемлекет басшысының бүгінгі бастамасына барша қазақстандықтар қуанып жатыр деп есептеймін. Ендеше, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысу кім-кімге де парыз.

Бақтыгүл ЕРКІН,

студент

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT