Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мәжіліс депутаттары бастауыш сыныптарға қазақтың дәстүрі туралы қосымша сабақ енгізуді ұсынды

"Бұл туралы Атырау облысына іссапары аясында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ғани Ташқараев педагогтармен және жастармен кездесуде айтты" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Бастауыш сынып оқушыларына «Қазақтың салт-дәстүрі» атты қосымша сабақ енгізу мәселесі депутаттар арасында көтерілді. Қазақ елінде дүниеге келген әр бала өз дәстүрі мен тарихын ерте жастан білуі тиіс, - деді Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев.

Кездесу барысында этносаралық қатынастар, педагогтардың жалақысын көтеру сынды мәселелер талқыланды.

5bed1ae6-07be-4ced-a18f-afd3f073a0ea

"Әр қазақстандық жастың салт-дәстүрді берік ұстанып, қазақ тілінде еркін сөйлеуіне жағдай жасау мақсатында нақты жұмыстар атқарылатын болады" деді депутат.

Кездесу соңында Ғани Ташқараев Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатымен бір топ педагогтар мен жастарды марапаттады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT