Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда жыл басынан бері браконьерлерге 30,8 млн теңгенің айыппұлы салынды

Атырауда жыл басынан бері браконьерлерге 30,8 млн теңгенің айыппұлы салынды.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың мәліметінше, инспекторлар 3 114 балық қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде 208 материал өрескел құқық бұзушылық белгілерімен әкімшілік сотқа жолданған.

«Тергеу органдары құқық бұзушыларға қарсы 16 материал бойынша қылмыстық іс қозғады. Құқық бұзушыларға 30,8 млн теңгенің айыппұлы салынды. Мемлекет кірісіне 25,5 млн теңге төленді. Заңсыз айналымнан 85,3 тонна балық түрлері, 7 856 аулау құралы, 340 жүзу және көлік құралдары алынды», -дейді Олег Тушканов.

Оның айтуынша, инспекция мамандары өткен аптада браконьерлерден алынған қытайлық синтетикалық аулардың 6 615 данасын тәркіленген. Сондай-ақ, қолдан жасалған 291 жүзу құралы алынған. Мұның «Арнайы автобаза» ЖШС-нің қоқыс жинау полигонында жойылған.

 

Inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT