Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мұқырлық қос азаматтың мүрделері судан шығарылды

2020 жылғы 4 шілде күні Қызылқоға ауданы, Мұқыр с/о, Қарақұдық қыстағы, Сағыз өзені бойында арнайы жабдықталмаған жерде суға шомылу кезінде шамамен сағат 20.30-да Мұқыр ауылының екі азаматының суға кетіп қалғаны туралы хабарлама түскен.

Сағат 00:30 шамасында, Атырау облысы ТЖД 3 қызметкері, 1 техника және жергілікті тұрғындардың көмегімен 1985 жылғы ер азаматтың және 2005 жылғы жасөспірімнің мүрделері судан шығарылды.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өз кезегінде, азаматтарды балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ тыйым салынған жерлерде шомылмауға шақырамыз.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жүргізіліп жатқан жұмыстарына және күнделікті рейдтік жұмыстарға қарамастан қайғылы оқиға орын алып отыр. Өмірлеріңізді қатерге тікпей, қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар. 

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT