Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда апатты үй тұрғындары жаңа пәтерге көшірілді

Бірлік ықшам ауданы, АТП-1, АТП-2 мекен-жайындағы апатты деп танылған тұрғын үйлерден 32 отбасы Жұлдыз ықшам ауданына қоныс аударды – деп, хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылшығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатаханаларды көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен сәтті іске асырылуда.

Мәселен, өткен жылы Құнанбаев №13 және Досмұхамбетов көшесіндегі 2 жатахана Береке ықшам ауданындағы жаңа үйлердің біріне көшірілсе, биыл 2 апатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтер кілті табысталды.

Атап айтқанда, Әуезов №22 үй Жұлдыз ықшам ауданына, ал Достық №14 үй тұрғындары Береке ықшам ауданына көшірілді. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта жоспардағы апатты деп танылған жатаханалар мен тұрғын үйлерді көшіру жұмыстары жалғасады.

Айта кетейік, баспанамен қамту, көшіру сынды шаралар тұрғын үй құрылысының аяқт алуына қарай жүзеге асады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT