Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҰЛЫҚТАЛДЫ

      Бұл күні №145 сайл часкесі орналасқан Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясында сайлаушылар ертемен келді.

     01289a5e-f0a3-47d3-be56-c5edebc52640    Алғашқы болып дауыс берген ауыл тұрғындары Шакизада Рахметова, Жолдас Жанқуат, Айман Тасжановаларға сайлау учаскесінің төрағасы Нұрлан Берденқұлов алғысын айтып, естелік сыйлық табыс етті. Сайлау учаскесінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында ұлттық ойын асық атудан жарыс өтті. Үш командаға бөлініп сынға түскен ойынның нәтижесінде «Талант» командасы І орынды жеңіп алса, «Алтын сақа» командасы ІІ орынды, «Сұңқар» командасы ІІІ орынды иеленді. Сайыстың «Үздік ойыншысы» атағына Сайфол Жұмағали («Сұңқар» командасы) ие болды. №145 сайлау учаскесінің төрағасы Нұрлан Берденқұловтың айтуынша, сағат 11.00-ге дейін сайлау учаскесіне тіркелген 1080 сайлаушының 30 пайызы дауыс берді.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521