Кезектен тыс өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына қатысып жатқан аудан тұрғындары белсенділік танытуда.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, аудандағы ауылдық округтерде 22 сайлау учаскесі таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыс жасауда. Сағат 11.00-ге дейін тіркелген сайлаушылардың 7809-ы, яғни 42,56 пайызы дауыс берді. Әр сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелері алыс қыстақтарда отырған шаруагерлерге, ауруханада жатқан науқастарға арнайы көлікпен барып, дауыстарын жинаса, денсаулықтарына байланысты келе алмайтын сайлаушыларға берген өтініштеріне сәйкес үйлеріне барады.
Бауыржан САҚТАСИНОВ