Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҰТЫС ОЙЫНЫ кімге пайда, кімге зиян?

Қазіргі таңда әлеуметтік желіде жаныңа керектің барлығы табылады.

Олардың арасындағы ең танымалы – Instagram. Бұл желінің қолданушылары қазіргі уақытта ұтыс ойындарын аңдумен әлек. Ал жазылушысы көп, желіде біраз танылып үлгергендер ұтыс ойынын оңды-солды ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Барлығы бірдей жарысып лотерея ойнатып, билет сатуға көшті. Ал, желі қолданушыларының назары ұтыс ойындарында. Аз ақшаға қомақты жүлде алудан үмітті қарапайым халық ұтыс ұйымдастырушыларының бар талабын орындауға әзір. Осы ретте, «Әлеуметтік желі арқылы ұтыс ойынын ұйымдастыру, лотерея ойнату қаншалықты заңды? Одан ұтатын кім, ұтылатын кім?» деген сауал туындайтыны анық.

Оқырмандар санын көбейту басты мақсат

Мен жұмыс парақшамды осыдан екі жыл бұрын ашқан болатынмын. Содан бері кәсібімді одан әрі дөңгелетіп, инстаграмдағы оқырмандарымды көбейтіп келемін. Бүгінде оқырмандарымыздың саны төрт мыңнан асты. Парақшаның оқырмандарын көбейту мақсатында суреттерді сапалы түсіруді, фон таңдауды, пост жазуды әдетке айналдырдым. Содан кейін ай сайын лайктайм және басқа да сипатта конкурстар өткізіп келемін.

Осылайша «подписчиктер» де жиналып, әлеуметтік желі арқылы кәсібім де алға басып келеді. Қазір ғаламтордың заманы. Тұтынушы өзіне керегін дүкен аралап іздегісі келмейді. Үйде отырып әлеуметтік желіні ақтарып отырып-ақ керегіне тапсырыс беріп, лезде қажетті заттарына қол жеткізіп отыр. Тұтынушы талабы осы.

Сондықтан, бізде заман көшінен қалмау үшін әлеуметтік желіні дамытып отырмыз. Инстаграмм желісінде оқырмандарыма қызықты болу үшін арасында конкурс өткіземін. Бұл бағытта ұйымдастырылған конкурстар ешкімге зиян тигізбейді деп ойлаймын. Өйткені, халықтан ақша жинап конкурстар өткізіп отырғаным жоқ. Жай ғана оқырманға парақшам қызықты болуы үшін ұйымдастырамын.

Анар АХМЕТЖАНҚЫЗЫ,

жеке кәсіпкер,

gulder_mialy парақшасының иесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521