Аудан аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Шара 5 ақпанға дейін жалғасады.
Мақсат - табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтап, жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашу. Іс-шара кезінде, аудандық Полиция бөлімін қызметкерлерімен, түрлі рейдтік шаралар жүргізіліп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 2 факті анықталып, екі азаматқа әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кететін бір жайт, Ішкі істер органдарында тіркелген қаруы бар бола тұра, аталған тұлғалар өз қаруларымен аң аулауға рұқсат қағаздары жоқ күйінде далалық жерлерге шығып жүрген жерінен ұсталып, табиғатқа оның ішінде жабайы аңдарды аулап зиян келтіргендігі анықталмаса да, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 382-бабында көзделген, заң талаптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Егер атыс құралдары түрлерін, иттерді, аушы жыртқыш құстарды, салт атты, көлікті қолданып немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды, авто-мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолданып заңсыз аң аулағаны анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бабы бойынша қылмыстық іс көтерілетін болады. Бұл бап бойынша қылмыскердің мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Нұркен НҰҒМАНОВ,
аудандық полиция бөлімі бастығының
міндетін атқарушы, полиция подполковнигі