Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әлеуметтік көмек қалай тағайындалады?

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірледі.

Онда аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №ХХ-9 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешімі және аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №ХХ-10 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешімдері қабылданды.

Осы орайда, аталмыш мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес аудан бойынша Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі үшін Кеңес Одағының ордендері мен медальдарына ие болған - 1 адамға,

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда қызмет атқарған кемінде 6 ай жұмыс өтілі бар - 153 адамға,

Ауған соғысына қатысушы -14 адамға,

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан- 6 адамға,

16 жасқа дейінгі мүгедек- 139 балаға, әр түрлі топ мүгедектері -1056 адамға,

үйден оқуға материалдық шығындарын төлеуге -19 мүмкіндігі шектеулі балаға, туберкулез дертіне шалдыққан - 46 адамға,

оқу орнына берешек деп танылған аз қамтылған отбасының - 2 студентіне, пробациялық бақылауда тұрған аз қамтылған - 3 азаматқа әртүрлі әлеуметтік көмектер тағайындалып, барлығы 1439 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілуде. Жоғарыда көрсетілген шешімдерге сәйкес, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар алты ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіре алады және азаматтардың табысын есепке алмай 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек беріледі.

Бір айта кетерлігі - әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген тұлғаларға, яғни туберкуллез дертіне шалдыққан адамдарға емдеуші дәрігердің нұсқауымен амбулаторлық ем қабылдау кезеңіне ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасының студенттеріне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге оқу ақысын төлеуде берешегі бар студенттерге біржолғы төлем аудандық арнайы комиссияның шешімімен тағайындалады.

Б.ШЫҢДЫБАЕВА,

аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521