Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚҰТТЫ БОЛСЫН МЕРЕКЕ!

сурет ғаламтордан алынды
сурет ғаламтордан алынды

Аспанымда желбірейді көк туым,
Десе дағы бір басынан өтті мұң.
Елімізде талай ерлік жасаған,
Мақтан етем қазағымның көптігін.

Жақын маған туған жерім,Отаным,
Қалам алып өлеңіме қосамын.
Болашақта білім алып, жақсы оқып,
Отаныма қызмет етіп тұрамын.

Арайланып ата берсін ақ таңым,
Таусылмайды елім жайлы дастаным.
Егемендік алған кезде еліміз,
Орындалды мақсат,тілек,арманым.

Бәріңізге құтты болсын мереке,
Тойлануда әр облыс,әр елде.
Тыныш болсын, еркін болсын заманым,
Келе берсін ырыс, құт пен береке!

Дария Мақсот 
Миялы балалар өнер мектебі ақындық сыныбының оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521