Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"КӨТЕРЕМІЗ МӘРТЕБЕСІН ЕЛІМНІҢ!"

сурет ғаламтордан алынды
сурет ғаламтордан алынды

Ең бірінші ойға оралар Отаным,
Отан жайлы дәптеріме толғадым.
Кім болсаң да Отаныңды шын сүйсең,
Күшіңменен,қайратыңмен қорғағын!

Екіншіден ойға оралар - Туған жер,
Жырға бөлеп ,әніменен шырқайды ел.
Көк майсаға,табиғатқа қарап ақ,
Туған жердің ауасымен самғай бер!

Үшіншіден ойға оралар тіліміз,
Тілмен дамып жатыр біздің күніміз.
Үйрену де керек екен әр тілді,
Тіл білгендер қапы қалмас біліңіз!

Төртіншіден ойға оралар батырлар,
Батырлардың қайратына таңым бар. 
Қорғады жаудан елім менен жерімді,
Әр батырдың мұражайда аты бар.

Ұрпағымыз тыныш, бейбіт өмірдің,
Кенелеміз шуағына көңілдің.
Көк аспанда желбіретіп көк туды,
Көтереміз мәртебесін елімнің !

Мұқтар Ерасыл 
Миялы балалар өнер мектебінің ақындық сыныбының оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521