Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ескерту, түсіндірме жұмыстарын жүргізуіне қарамастан жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын көлік жүргізушілері әлі де кездесуде.
Осы ретте, полиция қызметкерлері күнделікті жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілерін тікелей анықтаудан бөлек, әлеуметтік желілерді де мониторингілеу жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде жол ережелерін өрескел бұзған көлік жүргізушілері дер кезінде анықталып, оларға қатысты заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданады.
Айта кетейік, Telegram әлеуметтік желісіндегі "Белсенді азаматтар-06" жұмыс чаты ашылғаннан бері 26 мыңнан астам желі қолданушылары тіркеліп, 300-ден астам өтініш қабылданып, заң шеңберінде тиісті шаралар қолданылды. Арнайы чатта күнделікті облыс аумағындағы тас жолдар және қала аумағындағы жүргізушілердің жол ережесін сақтамауы, басып озу, авариялық жағдай туғызған деректер, жол белгілерінің сақталмауы секілді түрлі құқық бұзушылықтар түскен жағдайда уақытылы ден қойылуда. Атырау облысы полиция департаменті әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбада көрсетілген көлік құралдарының жүргізушілеріне құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік көзделетінін ескертеді. Жол қателікті кешірмейді! Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтаңыздар!