Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

“Құрманғазы ЭКО 2” әлеуметтік экологиялық жобасы өз мәресіне жетті

Республика күні қарсаңында “Шелл Казахстан”компаниясының қолдауымен және  “Азаматтық бастамалар” орталығының ұйымдастыруымен өткізілген экологиялық әлеуметтік жобасы Құрманғазы ауданыныңда өз мәресіне жетті. 

“Жасыл мектеп” экологиялық  жобасы аясында жылыжайлар орнатылды. Жылыжай толығымен поликарбонат арқылы жасақталған. Поликарбонат жылыжай өте қолайлы егістік науқан аса қажет болып табылады.

Жылыжай инновациялық тұрғыда жасақталған, бұл жерде жел генератор, күн коллектор, күн панелі қондырылды. Әр бір қондырылған құрылғылар баламалы энергия үшін тиімді шешім.

Атап кетсек жел генератор арқылы пайдасы өте мол, Жел генераторы-жел ағынының кинетикалық энергиясын ротордың механикалық айналу энергиясына айналдыруға, содан кейін оны электр энергиясына айналдыруға арналған құрылғы.

Күн панелі артықшылықтары күн сәулесінің электр энергиясына айналуы. Айнымалы ток деп айтуға болады. бүл панельдер арқылы алынған күн энергиясын тікелей пайдалануға , батареяларда сақтауға немесе желіге қайта жіберуге мүмкіндік береді. Алынған энергия қуаты өте жоғары болады. 

Күн коллектор  өте қажетті деп айтуға болады, себебі суды жылытуға арналған құрылғы. Күн коллекторлары таза және тұрақты энергия үшін тиімді және энергияны үнемдейтін шешім болып табылады. Олар таңдалған коллектор түріне байланысты суды жылыту немесе үй-жайларды жылыту үшін пайдаланылуы мүмкін. Қажеттіліктеріңіз үшін оңтайлы шешімді таңдау үшін тиімділік, температура диапазоны, климатқа бейімделу, құны және қолжетімділігі сияқты күн коллекторларының әртүрлі түрлерінің сипаттамаларын ескеру қажет.

Жасыл мектеп жобасы аясында Құрманғазы ауданының “Құрманғазы ЭКО 2” әлеуметтік экологиялық жобамыз өз мәресіне жеткіздік. Жобамыз болашақта балаларға, ұстаздарымызға пайдасын тигізетіні сөзсіз. Қазіргі заманға сай инновациялық оқыту бағдарламасы аса қажет, соның ішінде баламалы энергия көздері арқылы таза экологиялық жоба.

Evo Vision жобасы « Шелл Казақстан» компаниясының қаржылық қолдауымен «EcoBatys әлеуметтік жобасы аясында экологиялық бастамаларды іске асыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521