Ведомство басшысының сөзінше 2025 жылы 62,8 млрд м3 газ өндіру жоспарлануда, өткен жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға өсу күтіледі. Меншікті газ ресурстық базасын кеңейту мақсатында қазіргі уақытта Қашағанда қуаты 1 млрд м3 және 2,5 млрд м3 болатын ірі газ өңдеу зауыттарын, сондай-ақ Жаңаөзен қаласында қуаты 0,9 млрд м3 газ өңдеу зауытын іске асыру жұмыстары жүргізілуде.
Инвестициялар 2025 жылы 100 миллиард теңгеден асады. Сонымен қатар ағымдағы жылы шамамен 1,5 млрд м3 алынатын шикі газ қоры бар Барханная кен орнын іске қосу жоспарланып отырғанын алға тартып, биылғы жылы халықты газдандыру деңгейін 62,6 пайызға жеткізу мақсатында жұмыс жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
«2025 жылы республикалық бюджет комиссиясының шешімімен 45 жобаны жалғастыру үшін 65,9 млрд теңге бөліну мақұлданды. Атырау облысындағы "Финская-120" АГТС және "Редут – Финская-120 АГТС" магистральдық газ құбыры-бұру құрылысы» нысанының құрылысын аяқтау күтілуде. Жобаны іске асыру Атырау қаласының оң жақ жағалауының тұрғындарын, сондай-ақ өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарын үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ағымдағы жылы "Талдықорған – Үшарал" магистральдық газ құбырының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жоба аяқталғаннан кейін Жетісу облысының 66 елдімекені немесе 124 мың адам табиғи газбен қамтамассыз етіледі», — деді Алмасадам Сәтқалиев.