Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 30 адам көшеде қыдырып жүрген

Атырауда «қызыл» мәртебемен қыдырып жүрген 30 адамға айыппұл салынды.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 күнге өзін-өзі оқшаулау режимін бұзып, «қызыл» мәртебемен қыдырып жүрген 30 адам анықталған.

«Оның ішінде Атырау қаласының 15 тұрғыны бар. Сондай-ақ, түрлі нысандарға Исатай ауданында - 6, Жылыойда – 3, Махамбетте – 2, Қызылқоғада – 2, Индерде 2 тұрғын «қызыл» мәртебемен келген. Бұл тұрғындар қауіпті вирусты жұқтырған науқастармен байланыста болып, 14 күнге оқшаулану жөніндегі карантин талабын бұзған. Сол себептен оларға Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы 1-тармағына сәйкес хаттама толтырылып, айыппұл салынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521