Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда демеушілер үш отбасыға пәтер сыйлады

Атырауда демеушілер «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында үш отбасыға пәтер сыйлады.

Бұдан бұрын Атырауда ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталғанын хабарлаған едік. Конституция күні қарсаңында «Құрман групп» компаниясының басшысы Ақарыс Әлімов Nur Otan партиясы өңірлік филиалының ұсынысына орай Асқар Қарақұловқа 2 бөлмелі пәтерді сыйға тартты.

Жаңа пәтер иесі ІІ топ мүгедегі, қазір Атырау қаласында тұрады. Сондай-ақ, аталған жоба аясында «BASTAU CONTRUCTION» компаниясының басшысы Ибраһим Аликов баспанаға мұқтаж екі отбасыға баспана кілтін тапсырды. Жаңа пәтерлер «Самал» шағын ауданында бой көтерген «Самал Town» тұрғын үй кешенінен беріліп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521