Құлсары қаласында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған тегін Wi-Fi желісі қолжетімді болды. «Freedom Data Centers» ЖШС және «Көркем Телеком» ЖШС Жылыой ауданы әкімдігімен бірлесіп, «Қоғамдық және жол қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету» жобасы аясында қаланың үш қоғамдық орнында тегін интернет желісін іске қосты.
Тегін Wi-Fi желісі келесі орындарда қолжетімді:
– «Жансая» саябағы;
– «Достық» саябағы;
– «Мұнайшы» стадионы.
Аталған жоба тұрғындардың цифрлық сервистерге қолжетімділігін арттыруға, заманауи әрі жайлы қалалық орта қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдық орындардың инженерлік және цифрлық инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған. Тегін интернет қызметі азаматтарға ақпаратқа жедел қол жеткізуге, онлайн қызметтерді пайдалануға және байланыс мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, жоба қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылған бейнебақылау жүйелерімен қатар жүзеге асырылып, қала инфрақұрылымын кешенді түрде дамытуға ықпал етуде.
Алдағы уақытта Құлсары қаласының өзге де қоғамдық орындарында тегін Wi-Fi желісін кеңейту жоспарлануда.



