Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Көктемгі балық аулау маусымында Жайық-Каспий бассейнінен 6050 тонна балық ауланды

Көктемгі балық аулау маусымында Жайық-Каспий бассейнінен ауланған балық көлемі 6 мың тоннадан асты. Бұл жұмыстармен облыстағы 19 кәсіпорын айналысқан ,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде ауларнған балықтың 6 мың тоннасы өңделген, оның тең жартысы Ресей, Әзірбайжан, Украина, Израиль, Грузия, Германия, Польша және Словакия елдеріне экспортталды. «Жайық-Атырау» зауыты мемлекеттік тапсырыс шеңберінде осы жылдың жаз айларында 1,052 млн данаға жуық бекіре шабағын Жайық өзеніне жіберді. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшының орынбасары Артур Сәдібекұлының айтуынша, Махамбет ауданында қуаттылығы жылына 60 тонна тауарлы балық және 12 млн. дана бекіре тұқымдас балық шабағын өсіруге бағытталған жоба қолға алынған.

- Өңірімізде балық шаруашылығы саласын дамыту үшін бірқатар инвестициялық жоба іске асуда. Олардың арасында 7 тоған шаруашылығы, 1 тұйықталған сумен жабдықтау қондырғысында тауарлы балық және бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын өсіру жобасы бар. Сондай-ақ, Шортанбай балық зауытын толық жаңарту жұмысы қолға алынды. Осы жобалардың нәтижесінде, тауарлы балық өсіру көлемін 271 тоннадан 7 мың тоннаға, сондай-ақ балық өңдеу көлемін шамамен 700 тоннадан 8 мың тоннаға арттыру жоспарланды, - деді Артур Сәдібекұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521