Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Халықты және өңірлерді су тасқынынан қорғау бойынша іс-шаралар кешені әзірленді

Күшейтілген режимде. ТЖМ авариялық-құтқару жасақтары жауынгерлік әзірлікке келтірілді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қахарман Оразалин хабарлады.

«Былтыр құтқару жасақтары 13 мыңнан астам көмекке шыққан. Оның 7 мыңнан астамы аса күрделі іздестіру-құтқару жұмыстары. Оларға аса күрделі табиғи жағдайда, таулы аймақтарда, адам бара алмайтын жерлерде, тікұшақ арқылы құтқару және су асты құтқару жұмыстары жатады. Осындай жерлерден 3820 адам құтқарылды және 1249 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 246 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Су тасқыны жағдайы күрделенсе құтқару бөлімшелерінің негізгі күш-құралдары ең бірінші кезекте адамдарды іздестіруге және құтқаруға, дәрігерлер келгенге дейінгі медициналық көмек көрсетуге және қауіпті жерлерден эвакуациялауға бағытталады. Төтенше жағдайдың ауқымына және басқа да факторларға байланысты материалдық құндылықтар мен ауыл шаруашылығы жануарларын құтқару, төтенше жағдайлар аймақтарында халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады», - деді спикер.

Оның айтуынша, алдағы көктемде су тасқыны жағдайы күрделенетін болса, орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін халықты және аймақтарды тасқын судан қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешені әзірленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521