2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы іске асырылуда

Соңғы бес жылда су тасқынынан еліміздің он өңіріндегі 165 елді мекен зардап шекті.

Су тасқынының теріс әсерін төмендету мақсатында ТЖМ талдау жүргізді, оның нәтижелері бойынша көктемгі су тасқыны кезінде 1010 елді мекеннің су басу қаупіне неғұрлым бейім екендігі анықталды. Онда 800 мыңнан астам адам тұрады. Бұдан әрі қандай шаралар қабылданатын болады-деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин.

«Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық деңгейде мүдделі министрліктермен және әкімдіктермен бірлесіп 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар Жол картасының іс-шараларын іске асыруды әзірледі және бақылайды. Аталған жол картасы Төтенше жағдайлар, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілді. Өткен жылы су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы аясында 37 іс-шараны іске асыру аяқталды. 2 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс - шаралар аумақтарды дамытудың кешенді жоспарлары мен облыстық су тасқынына қарсы жоспарлар шеңберінде іске асырылуда», - деп хабарлады спикер.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика