Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әке тәрбиесі – отбасы негізі

сурет ғаламтордан алынды
сурет ғаламтордан алынды

Қазіргі кездегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстардың көбеюі, жастардың нашақолыққа бейім келетіні бұның бәрі тек бізді ғана емес бүкіл әлемді алаңдатып отырған мәселе. Яғни, бала бойына дарыған көп қасиеттердің бастауы жанұяда қалыптсады.

Алайда кейбір жағдайларда азаматтарымыз отбасы тыныштығын бұзып, жанұялық жанжал туғызып жатады. Ал жасөспірім балалар үшін ата-аналары үлкен өнеге-үлгі, олардың бойындағы қасиеттер тез қабылданып отырады. 
Әр балаға отбасында әке тәрбиесінің маңызы зор. Алайда қазіргі кезде мектептегі тағы да басқа бала тәрбиесіне қатысты жиындарда, ата-аналар жиналысында әкелерге қарағанда әйел адамдар ғана келіп қатынасады. Қанша айтсақта ер балаға әке тәрбиесінің орны бөлек. 
Кәмелетке толмаған балаларымызды еңбексүйгіштікке, еңбекке баулу, еңбекке құштарлығын арттыру барысында ата-аналар өзімізге жүктелген жауапкершілікті біле тұра көз жұмып жүрген тағы бір мәселе - ол балаларымызды ерте жастан жұмысқа тарту, балаларымыз қатарынан қалмасын деген жалған ойға беріліп, жасөспірім балаларымызды түнгі мезгілде әр түрлі мейрамхана, кафе-барларға даяршы, тағы да басқа қызметтерге жіберіп жатамыз. Ол дегеніміз елімізде күрделі мәселелердің бірі кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты жасалатын қылмыстардың, зорлық-зомбылық қылмыстарының болуына себепші болып отырғанын көп ата-аналар түсінбейді. Ағымдағы жылдың басынан бері аудандық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясымен, ауылдық окруктердің мамандарымен, білім бөлімімен, Жастар ресурстар орталығымен, мектеп мұғалімдерінің қатынасуымен, мемлекеттік емес ұйым мүшелерімен, ата-аналар кеңесінің төрағаларының қатынасуымен бірлескен жұмыстар жүргізіліп, іс-шаралар, рейдтер, жиналыстар өткізіліп жасөспірімдерге түсінік жұмыстарын жүргізіп отырғанына қарамастан жасөспірімдердің түнгі мезгілде тұрғын жайдан тыс жүру фактілері 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есеге артып отыр. 
Сол себепті ата-аналар бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамай, олардың күнделік немен шұғылданып жүргендерін, бос уақытта немен айналысатынын қадағалап отыруы тиіс. Олай дейтін себебіміз жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмыстардың көпшілігі осы түнгі мезгілде орын алып отыр, яғни қадағалаусыз жүрген бала ұрлық, бұзақылық секілді қылмыстық іс әрекеттерге барып, артынша ата-аналары бармақ тістеп қалып жататыны күнделікті көз үйренген іске айналып бара жатыр.
Осы ретте кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау және алдын алу сондай-ақ, балалар мен ересектердің құқықтық сауатылығын арттыру бағытында және де кәмелетке толмағандардың түнгі беймезгіл уақытта тұрғын үйден тыс болуы, ата-аналардың бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін заңнама нормалары мен жауапкершілігін түсіндіру, әсіресе жазғы демалыс кезінде жасөспірімдермен болатын жазатайым оқиғаларға көңіл бөлу мақсатында, ағымдағы жылдың 22-31 мамыр күндері аралығында аудан көлемінде «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатырғандығын хабарлаймын.

   Мақсот АБАЙҰЛЫ,
жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке 
толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521