Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстанның өнімдері алғаш рет «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында FOODEX 2025 көрмесіне қатысып отыр!

2025 жылдың 11-14 наурызы аралығында Токио қаласында азық-түлік саласындағы ең ірі халықаралық көрме – FOODEX 2025 өтуде. Биыл Қазақстанның «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушылары өздерінің ерекше өнімдерін әлемдік аренада таныстыруда. Көрмеге 50 000-нан астам қатысушы, оның ішінде жетекші ритейлерлер мен инвесторлар жиналды.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасының мақсаты – жергілікті ресурстар мен ерекшеліктерді тиімді пайдалана отырып, микро және шағын бизнес өкілдеріне қолдау көрсету.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбековтің айтуынша: «FOODEX 2025 көрмесіне қатысу қазақстандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл – Қазақстан өнімінің халықаралық аренада жоғары әлеуетін көрсетуге және әлемдік компаниялармен жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін алаң».

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT