Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КАНДИДАТ МАҢҒЫСТАУЛЫҚ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

     ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Маңғыстау облысына сапармен келді. Жанаөзен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейі ғимаратында сайлаушылармен кездесу өткізді.

     jj00      Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.
     Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, мұнай-газ саласы ел бюджетінің басым бөлігін құрайды. Дегенмен аталмыш өңір инфрақұрылым жағынан артта қалған аймақтардың бірі болып саналады. Мұның бәрі теңгерімсіз өңірлік саясаттың салдары. Кандидат барлық деңгейлі, оның ішінде облыстық әкімдерді сайлауды енгізу арқылы бұл тығырықтан шығуға болады деп есептейді.
     Реформалардың бірі ретінде бюджеттік процедураларды жетілдіру ұсынылады. Әр елді мекенде өзіне тиесілі ашық бюджет жасақталып, нақты уақыт режимінде онлайн түрде мемлекет ақшасының қалай және қайда жұмсалып жатқандығы ашық көрсетіліп отырылуы тиіс.
    Бұдан бөлек Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасында қазақстандықтардың өмір сапасының Стандартын енгізуді ұсынып отыр. Стандартта азаматтарымыздың сапалы тамақтануынан бастап, демалысына дейінгі барлық қажеттіліктері қарастырылуы қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT