2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «Жастар» санатына жататын 34,9 мың адам 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның (бұдан әрі – ұлттық жоба) қатысушылары болды. Оның 24 мыңы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 10,7 мыңы – тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 13,3 мың жас жіберілді, олардың 3,6 мыңы «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары шеңберінде мемлекеттен қолдау алды. 1,7 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 8 мың адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу мерзімі тиісінше 12 айға дейін және 18 айға дейін, қатысушылардың жалақысын субсидиялау мөлшері – 30 АЕК-ке дейін, сондай-ақ бизнес-бастамаларды іске асыру үшін гранттар мөлшері 2 есе яғни 400 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (1,2 млн теңге).
Ағымдағы жылы жастар арасынан жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 10 мың қайтарымсыз грант беру жоспарлануда. Тағы 10 мыңы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көзделген (атаулы әлеуметтік көмек алушылар; көпбалалы отбасылардың мүшелері – көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы); оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударушылар; қандастар; мүгедектігі бар бала (балалар) тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері; мүгедектігі бар адамдар).
Бұған дейін жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – мемлекеттік бағдарлама) шеңберінде іске асырылып, 2021 жылдың соңында аяқталған болатын. Мемлекеттік бағдарламада қолданылатын бірқатар құралдар ағымдағы Ұлттық жоба аясында қолданылады.
Тек 2021 жылы ғана мемлекеттік бағдарлама бойынша жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту 34,8% - ды құрады (226,2 мың адам). Оның ішінде 145,4 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 74,2 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына және қоғамдық жұмыстарға анықталды.
ТжКБ ұйымдарында және қысқа мерзімді оқыту шеңберінде 20 мыңнан астам адам мамандық алды.
«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 11,6 мың адам оқытылды, оның 1,9 мыңы микрокредиттер алды, ал 11,5 мыңы – 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар алды.
Жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 887 жас қоныс аударды.
Тұрақты жұмыс орындарына жастар арасынан 145,4 мың адам жұмысқа орналастырылды.
2021 жылғы 4-тоқсандағы деректер бойынша Қазақстанда 1 млн 987 мың жас (15-28 жас аралығындағы) экономикалық белсенді болып табылады, оның ішінде 1 млн 914,2 мың адам немесе 96,3% - ы жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылған жастар арасында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 416,4 мың адамды немесе 22%, жалдамалы қызметкерлер саны – 1 млн 497,7 мың адамды немесе 78% құрады.
Жұмыссыздар саны 2020 жылғы 80,4 мыңнан 2021 жылғы 4 тоқсанда 73,3 мыңға дейін яғни 7,1 мың адамға қысқарды, ал жастар жұмыссыздығының деңгейі 2020 жылдың қорытындыларымен (3,8%) салыстырғанда 0,1% - ға төмендеп 3,7% - ды құрады.