Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Экобелсенділер - Жылыой ауданында

Жақында Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов аудан аумағындағы «Олжа» АҚ, «Транс» ЖШС (Рип-сера), «Рип-Газ» ЖШС-ның қызметіне қатысты мәселелер бойынша жергілікті тұрғындармен және экобелсенділермен кездесу өткізді.  Кездесуге Атырау облысы экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысының орынбасары Нұргүл Калиева   қатысты.

Теңізшевройл (ТШО) өзінің қай салада да ашық жұмыс принципін қолдайтындығын көрсетіп,  кездесуге қатысушылардың  аталған нысандарға сапарын ұйымдастыруға көмектесті. Кездесуде экобелсенділердің өздерін мазалаған сұрақтарға толымды жауап алуларына және өз ұсыныстарын жеткізулеріне   мүмкіндік  туғызылды.

Кездесудің ресми бөліміне көшпестен бұрын, экобелсенділер мен аудан тұрғындары өкілдері мемлекеттік органдар басшыларымен бірге «Олжа», «Рип Күкірт», «Рип Газ», «Экотехнис» мекемелерінде болып, ондағы экологиялық ахуалмен көзбе-көз  танысты.

-Cапар барысында қандай ма экологиялық ауытқушылықты байқайтын болсақ, біздің тарапымыздан  жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі,   соған сәйкес шара қабылданады. Әрине, бәрі де қолданыстағы заңдылықтар тұрғысында,  - деді облыстық экология департаменті басшысы Әлібек БекмұхаметовСапар «Олжа» акционерлік қоғамында   жалғасты.  Аталған мекеме  Құлсары қаласында 70-ке жуық жұмыс орнын ашқан 100% қазақстандық компания болып табылады.Кәсіпорын газ тиелетін вагон-цистерналарға қызмет көрсетеді және оны пайдалану үшін Теңізге жөнелту алдында сұйытылған мұнай газ (пропан және бутан) үшін теміржол вагондарын қарау/дайындау   жұмыстарын жүргізеді. «Олжа» АҚ-ның  басшылары өздерінің   халықаралық стандартқа сай санитарлық және  еңбек  талаптарын  қатаң сақтай  отырып, жұмыстарын заңды түрде атқарып келе жатқандығын тілге тиек етті. Тоқсан сайын мамандандырылған «ЭкоНорматив» компаниясы «ОЛЖА» аумағындағы зиянды заттардың құрамына экологиялық   мониторинг жүргізеді.   «Олжа» басшылары өз қызметкерлерінің  денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлетінін, оларға арнайы азық-түлік себеттері беріліп, жылына бір рет сауықтыру орындарына жіберетіндерін алға тартты.Басшылық таныстырылымынан кейін,экобелсенділер   мұрынға  әлде бір жағымсыз  иістің келетіндігін айтты. Алайда,  мекеме өкілі шығарындылардың қалыпты шектен аспайтындығын  дәлелдеуге  тырысты.

Кездесуге қатсушылардың екінші бас тіреген орны-«РИП Күкірт» нысаны болды. Мекеме  «Транс» ЖШС мердігерлік ұйымының басқаруында. «РИП Күкірт» сұйық күкіртті тасымалдау үшін пайдаланылатын темір жол цистерналарын қарау/дайындау жұмыстарымен айналысады. Байқағанымыздай, жууға арналған арнайы бағана жоқ, тиісінше теміржол цистерналарын ішкі жуу жүргізілмейді. Барлық қалдықтар әрі қарай қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін Теңіз кенішіне жіберіледі. Нысанда өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша барлық талаптар сақталады. Атырау облысы бойынша экология департаментінің жүйелі тексеруі шығарындылардың санитарлық-қорғау аймағының шекарасында шекті мөлшерден аспайтынын көрсетуде.

Ал, құрамында мұнайы бар қалдықтарды, бұрғылау қалдықтарын тасымалдау, залалсыздандыру және кәдеге жарату, сондай-ақ, бүлінген  жерлерді биологиялық және техникалық қалпына келтіру шараларымен айналысатын «ЭкоТехникс» ЖШС-нің жұмысшылары да басшыларының сөзін растады. Қазіргі таңда мекемеде 100-дің үстінде жұмысшы бар.  Қызметкерлер бір ауыздан өздеріне барлық қолайлы жағдай  жасалатынын, көп жылдардан бері осы мекемеде еңбек  етіп, отбасын асырап отырғандықтарын айтты. Дегенмен, мекеменің қала шетіне қоқыс қалдықтарын төгіп, жерді бүлдіргенін айтқан белсенділер келтірген залалды қалыпқа келтіріп, барлық компанияларды қаладан қашық жерге көшіруді сұрады.

 -«Эко nехникс»  мекемесі қаладан 7-8 шақырым қашықтықта орналасқандықтан, бұл жерде тұрғын үйлер жоқ. Бізге ең басты залал  қалаға тиіп тұрған мекемелерден келеді , – деді қоғам белсендісі Тұрар Шапқара.

Кездесуге қатысушылар «Эко Техникс» ЖШС директоры Михаил Титовқа Құлсары қаласына таяу орналасқан полигонды тазарту жөнінде сауал тастады. Өз кезегінде ол жақында арада бұл мәселені қарап, полигон аймағындағы жерді қайта қалпына келтіруге көмектесе ала ма, жоқ па, жауабын беретіндігін жеткізді. 

- Егер зиян тигізсеңіз, өзім бірінші болып, сіздің аулаңызға құлып салар едім, -деді ол. – Өйткені, бізде еңбек ететіндердің бәрі де жергілікті тұрғындар, яғни құлсарылықтар. Олар осы өңірде туып-өскендіктен, отбасын асырап, балаларын тәрбиелеп жатқандықтан, бекітілген нормадан ауытқымайды. Ата-аналары, туған-туыстары, бәрі осында. Сондықтан, біз  қауіпсіздік техникасына, қоршаған ортаны қорғау шараларына ерекше мән береміз. Біздің қызметкерлер қауіпсіз режимде жұмыс істейді. Біз заңдылық нормаларының  сөзсіз орындалуына ден қоямыз. Көгалдандыру мәселесі де жолға қойылды. Рас, жергілікті табиғат жағдайына байланысты бой алып, өсуі баяу.  Атырау облысы экологтарының ұдайы тексеруі шығарындылардың қалыпты нормативтен аспайтындығын көрсетуде.

Аталған нысандарды аралап болғаннан кейін, аудан тұрғындары мен экобелсенділер «Жастар үйі» ғимаратында аудан әкімімен кездесті.           Еркін форматтағы кездесу кезінде қоғам белсенділерінің бірі, осы экология мәселесін жиі көтеріп жүрген Жанаргүл Шарғабаева сөзалды. Ол бұған дейінгі тұрғындармен бірлесіп атқарған шараларының нәтижесін айтып өтті.

Басқосуда дәрігер, басқа да сала мамандары сөз алып, аудан экологиясын жақсарту бағытындағы ұсыныс-пікірлерін айтты. Кездесуде «Теңізшевройл» өкілдері баталған мекеме иелеріне басты басымдық- адамдар денсаулығы мен өздері еңбек ететін аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қорғау екендігін  тағы да еске салды. Және де қоршаған ортаны қорғауға қатысты заң талаптарын мүлтіксіз орындауды күтетіндіктерін еске салды. 

Нысандарды аралауды қамтыған кездесу қорытындысында  экобелсенділер кәсіпорын басшыларымен осындай конструктивті диалогтар құрып, экологиялық проблемаларды бірге шешуге келісті. Кездесу осы мақсаттағы алғашқы қадам болды.

Ш.Хамитова.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521