Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Коронавирустық инфекция пандемияға және оның ел экономикасына жағымсыз әсер етуіне байланысты, төтенше жағдайдан зиян шеккен шағын және орта кәсіпкерлікті, дара кәсіпкерлерді қолдау үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) бірлесіп шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын дайындады.

Бағдарлама Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылдың 19 наурызындағы № 39 қаулысымен бекітілді. Бағдарламаны іске асыру үшін негізделген салымдарды екінші деңгейдегі банктерге орналастыру арқылы 600 миллиард теңге бөлінетін болады. Бағдарлама бойынша оператор «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚОҚ) болады. Аталмыш қор негізделген салымды екінші деңгейдегі банктерде орналастырады.

Екінші деңгейдегі банктерге нысаналы пайдалану бойынша, ақшалай қаражат шағын, орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектiлерiне жаңа кредиттер беруге бағытталуға тиіс. Бір қарыз алушыға арналған лимит: заңды тұлғалар үшін – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 3 миллиард теңгеден, дара кәсіпкерлер үшін – 50 миллион теңгеден аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит қарыз алушының банктік шотына аударылады. Және қарыз алушы тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің ақысын, салықтарды және бюджетке басқа төлемдерді, жалақыны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлейді. Екінші деңгейдегі банктер ақшалай қаражатты мемлекеттік бағалы қағаздарды, Ұлттық Банктің ноттарын сатып алуға, мемлекеттік емес бағалы қағаздар мен шетел валютасын сатып алуға, басқа екінші деңгейдегі банктерде депозиттер орналастыруға, Шағын орта кәсіпкерлік субъектiлерiн қаржыландыруға байланысты емес басқа мақсаттарға бағыттамауға тиіс.

Сол сияқты, биылғы жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен несиелік берешегі бар, екінші деңгейдегі банктермен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын, мемлекеттік кәсіпорындар (мекемелер), ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының елу және одан астам пайызы (жарғылық капиталда қатысу үлестері) тікелей мемлекетке тиесілі ұйымдар, олармен үлестес тұлғалар құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) болып табылатын, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген шағын орта кәсіпкерлік субъектілері және коммерциялық емес ұйымдар субъектілері қаржыландыруға жатпайды. Екінші деңгейдегі банктер аталған қормен және агенттікпен бағдарламаны іске асыру туралы келісім жасасады.

Аталған бағдарламаға қатысушы-банктер: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Jysan Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Bank RBK» Банкі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Альфа-Банк» ЕБ» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «ForteBank» АҚ, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ. Екінші деңгейдегі банктердің шағын орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттік желілер шеңберінде қарыздар және (немесе) жаңа қаржыландыру беру талаптары: сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 8 пайызға дейін, мерзімі – 12 (он екі) айға дейін. Агенттік ай сайын қормен бірге кәсіпкерлерге жеңілдікпен берілген несиелердің уақытылы, дұрыс пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521