Таяуда Қызылқоға аудандық пробация қызметі тобының есебінде тұрған сотталғандар Миялы ауылында көп балалы ананың үйінің шарбағын, қорасын қоқыстардан тазартып, ерікті түрде қол ұштарын созды.
Мұндай волонтерлік іс-шара аудан көлемінде тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Өткізіліп жатқан іс-шараның мақсаты – сотталғандарды қоғамға тарту, жасалған құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алу, жаңадан құқық бұзушылық жасауды болдырмау, сотталғандарды оң жолға бағыттау болып табылады. Еріктілердің бұл еңбегіне көп балалы ана өз алғысын білдіріп, батасын берді.
Сәндігүл БИСЕМБАЕВА,
Қызылқоға аудандық пробация қызметі тобының инспекторы,
әділет майоры