Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңірде бір тәулікте 1186 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

14 сәуірдегі мәлімет бойынша, "Спутник V" вакцинасының I компонентін 1186 адам алды.

Оның ішінде 30 медицина қызметкері, 33 педагог, 51 полиция қызметкері, 3 студент, 49 құқық қорғау органдарының қызметкері, 18 мемлекеттік қызметші, 34 созылмалы аурумен ауыратын және 968 жергілікті тұрғын бар. 1 ақпан мен 14 сәуір аралығында "Спутник V" I компонентімен 11235 адам вакцинацияланды. II компонентпен 2893 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды. Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен баруы қажет.

9 сәуірде аймаққа "Спутник V" вакцинасының 8 мың дозасы жеткізілген болатын.

Сурет: ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521