Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Көлік жүргізуші әйелдерге құрмет

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай аудандық полиция бөлімі ерекше акция ұйымдастырды.

Акция барысында жол-патрульдік полиция тобының қызметкерлері көшеде көлік жүргізіп келе жатқан қыз-келіншектерді тоқтатып, аудандық полиция бөлімі атынан мерекеге орай гүл шоқтарын табыс етті. Алғашында «Қандай тәртіп бұздым екен?» деп абыржып қалған әйел жүргізушілер гүл шоқтарын көргенде полиция қызметкерлеріне алғыстарын жаудырып жатты.

Аудандық жергілікті полиция тобының бастығы Асхат Құлбаевтың айтуынша акция барысында он шақты көлік жүргізушісімен қатар, көшедегі жаяу жүргінші әйелдерге де гүл шоқтары берілген. Сондай-ақ, мерейлі мерекеге орай аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұркен Нұғыманов ішкі істер саласының ардагері Күнжан Ахметованың үйіне барып, мерекесімен құттықтап шықты. Өзін ұмытпай, мерекеде құрметтеп жатқан әріптес інілеріне ризашылығын білдірген ардагер жұмыстарына жеміс тілеп, ақ батасын берді.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521