Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҮЙІҢІЗДЕ ӨРТ СӨНДІРГІШ БОЛҒАНЫ ДҰРЫС!

Кейбір жағдайларда азаматтар өрт кезінде қайда телефон соғарын білмей 102, 103 немесе 01, 02 телефон нөмірлеріне соғып жатады. Бұл жағдай өрт сөндіру бөлімдеріне хабарды кеш түсуіне себепші болып, өрттің одан әрі ұласа беруіне септігін тигізеді.

Сондықтан, жазатайым тұрғын үй-жайларыңыздан өрт шыққан кезде көршілердің үйінен немесе ұялы телефон арқылы өрт сөндіру бөлімінің 101 (Сағыз ауылы бойынша 71-417) нөміріне қоңырау шалып, кезекші қызметкерге өр орын алған мекенжайды, өрт шыққан жерді (пәтер, аула, гараж, балкон), ненің жанып жатқанын (шөп, аула, сарай, қора) айтуы керек. Және де кезекші қызметкердің сұрақтарына тез әрі нақты жауап беру қажет. 

Сондай-ақ, өрт шыққан жағдайда мүмкіндігінше барлық электр аспаптарын өшіріп, электр автоматынан ажырату, көршілерге ескерту, өздігіңнен сөндіре алмасаң үйдің жанында өрт сөндірушілердің келгенін күту жағдаяттарын есте ұстау қажет. Егер үйде өрт сөндіргіш (огнетушитель) болып, сіз оны пайдалана білсеңіз тек оны өрт алғаш басталғанда ғана пайдалану керек. Өкінішке орай, пәтерлердің көпшілігінде өрт сөндіргіш болмайды. Сондықтан, қолда бар құралдарды пайдалану арқылы жануды оқшаулауға болады.

Н.ЕЛҒОНДЫ,

Сағыз стансасы өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT