Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әйелдерге әлімжеттік жасау тиылар емес

сурет ғаламтордан алынды
сурет ғаламтордан алынды

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Ж.Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Ж.Д. заңды некедегі зайыбы Г.З-ға алкогольдік масаң күйде былапыт сөйлеп, ұрып-соғып, оның денсаулығының қысқа мерзімге бұзылуына әкеп соққан, қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сот отырысында Ж.Д.  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындап, өзіне қатысты толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, алкогольдік масаң күйде зайыбымен  сөз арасында келісе алмай ашуға бой алдырып, былапыт сөздер айтып қол көтергенін, қазіргі таңда жәбірленушіден кешірім сұрап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді. 
Жәбірленуші Г.З. сот отырысында болған оқиғаны растап, заңды некедегі еріне кешірім бермейтінін, бұл әрекет бұрын бірнеше рет қайталанғанын айтып, соттан заңды шарасын қолдануды сұрады.   
    Сот қаулысымен,  құқық бұзушы Ж.Д. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7  тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.  
    Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT