Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңірде тағы 25 үй пайдалануға беріледі

Атырауда жыл соңына дейін 1944 пәтерлік 25 тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зайнулла Маненов мәлімдеді. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің алдында басқарма басшысының міндетін атқарушы Зайнулла Маненов саладағы атқарылған жұмыстар мен жоспарлары туралы есеп берді.

Зайнулла Маненов атап өткеніндей, облыс бойынша 2020 жылға қарай жасақталған Меморандумға сәйкес (Премьер-Министр мен облыс әкімі арасында) 800,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған болатын. Бүгінде бұл жоспарға сәйкес, іс жүзінде 836,5 мың шаршы метр пайдалануға берілді.

- Бюджет қаражаты есебінен қазіргі уақытта облыста жалпы ауданы 280,5 мың шаршы метр болатын 3 164 пәтерге арналған 51 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде жыл соңына дейін жалпы ауданы 174,3 мың шаршы метр болатын 1944 пәтерлік 25 үйді іске қосу жоспарлануда, – деді З.Маненов.

Аталған 25 үйдің 16 - сы жалдамалы, 9-ы несиелік негізде болады. Сондай-ақ, жеке құрылыс салушылар тарапынан қалада тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521