Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңірде су тасқыны кезіндегі құтқару жұмыстары пысықталды

Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл Жайық өзенінен мол су келуі болжанып отыр. Су деңгейінің көтерілуі туралы 112-ден халыққа хабарлама да таратылды. Сол үшін қазірден бастап жергілікті атқарушы органдармен дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Ербол Ғабитов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Төтеншеліктердің айтуынша, су тасқыны жағдайын реттеу үшін 1153 адам, 303 бірлік техника, 16 бірлік жүзу құралы және 107 бірлік мотопомпа дайындыққа келтірілді.

Сондай-ақ облыс аумағында орналасқан 191 қабылдау пункттерінің жағдайы тексеріліп, эвакуациялау маршруттары мен автокөліктердің дайындығы пысықталды.

-Сонымен қатар, осы жылдың наурыз айының 19 мен 26 аралығында ауа-райының күрт жылынуына байланысты, Миялы ауылы ішіндегі ойлы жерде орналасқан А.Жангелдин, К.Қуанышов, Д.Жұмалиев, А.Құттыбаев, Т.Аубакиров, А.Сәлімгерева көшелерінің бойындағы тұрғын үйлерге қардың еріген су кіру қаупі орын алған болатын. Аталған жерде Қызылқоға ауданының №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен екі дана мотопомпа, бір дана жергілікті атқарушы органның тіркемелі өрт сорғы станциясы арқылы 18 374 куб су сорылды. Оған қоса 22 наурыз күні Сағыз-Миялы-Индер тас жолының 35-46 шақырым жерлерінде ерген қар суының тас жолыдың бетіне шығып кеткені бойынша хабарлама түсіп, Қызылқоға ауданының №12 ӨСБ қызметкерлері және жергілікті атқарушы органның қызметкерлерімен тас жол бетіне шығып, кептетілген мұздар автокөліктердің жүруіне кедергі келтіруіне байланысты, мұздарды алып тастау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы Ойыл және Байғанин аудандарының Төтенше жағдайлар бөлімдерімен және жергілікті атқарушы органдармен күнделікті су тасқыны жағдайы бойынша ақпарат алмасудамыз,- деді Е.Ғабитов.

Сондай-ақ ол, былтыр көктемгі тасқын су кезінде Миялы ауылы Ойыл өзенінің бойындағы «Құмөткел» аумағын су жырып, Миялы ауылын тасқын сумен басып қалу қаупі туындығанын, осыған байланысты биыл ақпан айында бір экскаватор, екі погрузчик, екі Камаз арнайы техникасының көмегімен жырылған жерді топырақпен бітеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

-Миялы ауылының айналма жолдың арғы жағынан ұзындығы 2,7 км болатын бөгеттерге және Бәйсеу шағын ауданы маңынан ұзындығы 1,5 км болатын бөгеттерге топырақ төгіліп, биіктету жұмыстары жүргізілді. Осы жылдың 1-4 наурыз аралығында 1 000 куб саз аталған бөгеттердің маңына жиналып, биіктетілсе, 16-17 наурызда Бәйсеу шағын ауданының маңына тағы да 600 куб саз жиналып, биіктетілді. Аталған жұмыстарға төрт мекемеден тоғыз (1 экскаватор, 2 погрузщик, 7 Камаз) арнайы техникасы жұмылдырылды,- деді бас маман.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT