Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңірде «Іскер ана» эксклюзивті жобасы жүзеге асуда

Бейінді курстардың 319 үздік түлегі заттай грант алды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев баяндады. Нұр-Сұлтан қаласында Атырау облысы әкімінің брифингі өтті, Нұрлан Ноғаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасап, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, қазір Атырау облысында халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қолдауға ерекше назар аударылып отыр. Биыл сәуір айынан бері өңірде «Іскер ана» эксклюзивті жобасы жүзеге асып келеді. Бұл бастама көп балалы аналарды, жалғызбасты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, аз қамтылған отбасындағы аналарды бейінді оқытуға, өз істерін ашуға, істерін кеңейтуге бағытталған. 2019 жылдың сәуір айында басталған оқыту курстары он мамандық бойынша өтеді: аспаз, тігінші, есепші, іс жүргізуші, массаж жасаушы, сұлулық салонының мамандары – визажист, маникюр шебері, шаштараз. Әйелдер, сонымен қатар, ағылшын тілі (негізгі деңгей), компьютерлік сауаттылық, интернет-сауда бойынша да тегін білім алады. Жоба қатысушылары екі апталық курстан өткеннен кейін шеберлік сабақтарына қатысады. Жаттықтырушы мамандар психологиялық тренинг (көшбасшылық қағидалары, коммуникативтілік, ойлау дағдысы, шешім қабылдау, т.б.); маркетинг сабағы (СММ) онлайн дүкен ашу, тауар, қызмет сату, әлеуметтік желіде тауар жылжыту; кәсіпкерлік негіздері (бизнес-жоба жасау, қызмет түрін таңдау, т.б.) секілді үш бағыт бойынша оқытады.

Биыл сәуір айынан бері жобаға Атырау облысының 900-ден астам тұрғыны қатысты, оның ішінде алыстағы ауылдарда тұратын әйелдер, «Жусан» арнайы операциясы аясында елге депортацияланған 7 көпбалалы жалғызбасты ана бар. 319 үздік түлек заттай грант алды, оларға өз істерін алға қарай жалғастыру үшін қажет құрал-жабдықтар берілді.

-Қазір «Іскер ана» жобасы қатысушыларының жұмыстарына мониторинг жүргізілуде. Жыл соңында курстан өткен барлық аналардың қатысуымен салтанатты шара өтеді. Қорытынды шарада жоба қатысушыларының тауарларынан жәрмеңке-көрме ұйымдастырылады, - деді Атырау облысының әкімі.

Айта кетейік, қазір жобаның көптеген қатысушылары жаңа кәсіп меңгеріп, өз бизнестерін ашқан.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT