Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңірде COVID-19 инфекциялық індетінен тағы 16 адам айықты

 Теңіз кенішінің тағы 16 жұмысшысы инфекциялық стационардан шығарылды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бүгін, 19 маусым күні өңірде он алты адамның COVID-19 індетінен айыққаны белгілі болды.

- Теңіз кенішінің он алты жұмысшысынан алынған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен. 14 ер адам мен екі әйел адам инфекциялық стационардан шығарылды, - дейді денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында коронавирустан жазылып шыққандар саны 1031 адамға жетті.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT