Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Индерборда карантин жарияланды: көпірге жол жабық

Индер ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Шолпан Ержанованың Қаулысы шықты.

ATPress.kz”-тің хабарлауынша, бұл ақпаратты Индер ауданы әкімінің орынбасары растап отыр. Карантиндік шаралар 19 маусым сағат 00.00-ден бастап шамамен 2 шілдеге (аудандағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты) дейін енгізіледі.

Ал, жалпылай алғанда, қойылатын талап бұрынғыдай Атырау қаласындағыдай, яғни, кіре-беріс қақпаны арнайы блокбекеттер күзетеді, қозғалысқа, көпшілік шаралар өткізуге, кәсіпорындар мен ШОБ нысандарының қызметіне шектеу немесе бірен-саран тыйым салынады және т.б. Ең бастысы, Атырау-Орал тасжолымен (“махамбеттік” бағытта) жүру керек.

Өйткені, аудан орталығының өзіндегі көпірмен жүру енді мүмкін емес. Ал, жақын маңдағы көпір тек өзеннің арғы бетіндегі көршілес Махамбет ауданының орталығында ғана орналасқан.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521