Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Индерде 2170 жаңа жұмыс орнын құру жоспарда

Жұмысшы мамандықтар жылына орай ауданда жұмыс орындары ашылып, тұрғындарды жұмыспен қамту шаралары қарқын алуда.

Атап айтқанда, 2170 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, алғашқы тоқсанда 542 адам жұмыспен қамтылды. Қоғамдық ақылы жұмысқа 252 адам тартылса, әлеуметтік жұмыс орындарына 52 адам орналастырылды. «Жастар практикасы» аясында 19 жас маман тәжірибе жинақтауда.

«Күміс жас» жобасы арқылы 47 зейнет жасына жақын азамат еңбекке араласты. Сонымен қатар, «Менің алғашқы жұмыс орным» бағдарламасы аясында жұмыс тәжірибесі жоқ жастар іздестірілуде.

Бұл бағытта жыл соңына дейін жоспар толық орындалуы үшін нақты шаралар қабылдануда.

 

Ажар СЕРІКҚАЛИЕВА,

Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT