Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ІІО істері бойынша қамауға алынған адамдардың арасында денсаулыққа шағымданып жатқандар жоқ

Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 2997 қылмыстық іс бар, олар бойынша соттың санкциясымен 194 адам күзетпен ұсталуда.

Олардың көпшілігі, атап айтсақ, 152 адам жаппай тәртіпсіздік барысында ұрлық жасағаны, 22 адам қаруды заңсыз сақтағаны және 24 адам қаруды ұрлағаны үшін қамаққа алынды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов осындай көрсеткіштерді келтіріп өтті.

«Жеке басы мен қылмыстың ауырлығын ескере отырып, күдіктілерге бұлтартпау шарасы үйқамаққа, ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы қолхат беруге өзгертіліп, адамдар күзетпен ұстаудан босатылуда. 199 адам босатылды. Күзетпен ұсталынатын күдіктілерге тергеу изоляторларында, сондай-ақ қажет болған кезде медициналық мекемелер жағдайында білікті медициналық жәрдем көрсетіледі. Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының істері бойынша қамаққа алынғандар арасында денсаулыққа шағымданатын адамдар жоқ», - деп атап өтті полковник. 

Оның айтуынша, қамауға алынғандарға адвокаттардың, туыстардың және құқық қорғаушылардың келуіне кедергісіз рұқсат қамтамасыз етілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521