Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Үгіт-насихат науқанының 4 санатына нақты тоқталып өтті

Дүйсенбі күні «Арман» мәдениет үйінің фойесінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Аққайнановтың жетекшілігімен партияішілік праймеризді ұйымдастыру жұмыстары бойынша семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңеске БПҰ жетекшілері, ұйымдастыру комиссиясы, есеп комиссия және партиялық бақылау комиссия мүшелері қатысты.

Облыстық филиалдан семинар-кеңеске арнайы келген «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы ұйымдастыру - бақылау бөлімінің меңгерушісі Қ.Бисалиев, саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Қ.Құлмашев, Партиялық бақылау инспекторы Р.Мақсотов және облыстық "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Р.Ғилажев праймеризге өту және ұйымдастыру жұмыстары бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Семинар-кеңесте Праймериз өткізудің қадамдық жоспарын, үгіт-насихат науқанының 4 санатына нақты тоқталып өтті.

Сонымен бірге, Праймериздің негізгі мақсаты – барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Парламент Мәжілісіндегі тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелестік негізде жаңа көшбасшыларды айқындау туралы кеңінен түсінік берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521