Баланың ЖСН-нің соңғы алты санын енгізіңіз!

Qoldau.edu.kz сайтында қазірдің өзінде қашықтан оқу үшін компьютерлер, ноутбуктар мен планшеттер алатын 20 мыңнан астам бала туралы мәліметтері бар.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен онлайн-конференцияда «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Лаззат Чинкисбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бір жылдан астам уақыттан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің серіктесіміз. Өткен жылы біз «Мектепке жол» қайырымдылық жобасын жүзеге асырдық. Өткен жылы әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген біз арқылы өз көмегін көрсетті. Ол осы акция аясында Арыс қаласының балаларына қаражат бөлді. Біз акцияны жоғары деңгейде өткізіп, балаларға сапалы көмек көрсеттік. Биыл елде вирустың таралуына байланысты балалар сабақты қашықтан оқиды.

Біз qoldau.edu.kz https://qoldau.edu.kz/ веб-сайтын іске қостық. Егер балаңыздың көмек алушылар тізімінде бар-жоғын білгіңіз келсе, баланың ЖСН-нің соңғы алты санын енгізуіңіз керек. Біз сіздің ақпаратыңыздың құпиялығын сақтау үшін осылай жасадық. Егер сіздің балаңыз ол тізімде болса, онда мектебі, ауданы, қала немесе қай облыс екені көрсетіледі», - дейді Лаззат Чинкисбаева.

Сайтта көмек көрсетілетін 20 мыңнан астам бала туралы мәлімет бар. «Қазір бұл тізімде 20 мыңнан астам бала бар. Біз бұл базаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен алдық. Бұл тізімге жетімдер, мүмкіндігі шектеулі балалар және ауыл мектептеріндегі оқушылар кіреді.

Егер сіздің балаңыз бұл тізімде болмаса, біз бұл көмекке бей-жай қарамайтын адамдарды мүмкіндігінше тартуға тырысамыз. Егер біз жасай алсақ, екінші базаға тіркейміз, мүмкін сіздің балаларыңыз бұл тізімге енеді», - дейді ол.

Дереккөз: inform.kz

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика