Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Елімізде жаңа өзгеріс, жаңа бастамалар күтеміз

Биылғы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы Бурабай мекенінде өтуі, Көрісу күнімен тұспа-тұс келуі ерекше. Бүгін олар осы алаңда нақты, салмақты ойларын ортаға салады.

Кеңеске Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйлейді. Құрылтай мүшелері онда экология, туризм, еңбек қауіпсіздігі және жасанды интелектің қоғамға әсері сынды тақырыптар қозғалауы мүмкін екені туралы айтылған еді. Оның ішінде ұлттық идеологиядан бөлек, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, инклюзивті білім жүйесін жетілдіру, абақтыдағы әйелдерге амнистия жасау, фонограммаға тыйым салу сынды бастамалар көтерілуі мүмкін. Былтыр Атырауда өткен жиында белсенділер 149 ұсыныс көтеріп, жылдың соңына дейін тоғыз заң қабылданды. Яғни, әйелдер құқығы мен бала қауіпсіздігіне қатысты заңдар бекітіліп, вейп өнімдерін сатуға тыйым салынды. Сондай-ақ, Президент вандализм мен заңсыз ойын бизнесіне қатысты жазаны қатаңдату туралы құжатқа да қол қойды. Мұның барлығы – Ұлттық құрылтайдың қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, нақты шешімдер ұсынатын ықпалды құрылымға айналып келе жатқанының айғағы. Биылғы Ұлттық құрылтайдан да , жаңа өзгеріс, бастамалар күтеміз.

Айжан Сарсембаева,

қалалық маслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT