Биыл Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Құрылтай отырысында Атырау қаласында өткен алдыңғы құрылтайда көтерілген бастамалардың іске асырылу нәтижелері де қарастырылды. Осы шешімдер аясында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, құмар ойындарға, нашақорлыққа, есірткі саудасына және вандализмге қарсы заңдар қабылданып, сондай-ақ электронды шылым түрлерін өндіруге және сатуға тыйым салынды.
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті еліміздің энергетика саласына жоғары білікті мамандар даярлауда маңызды рөл атқарады. Университет ұжымы Ұлттық құрылтайда қабылданған шешімдерді толық қолдап, олардың жүзеге асырылуына өз үлесін қосуға дайын. Бүгінде оқу орнында білім беру бағдарламаларын жаңғырту, студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуын арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған тәрбие жұмыстары жаңартылған бағдарламалар аясында жүзеге асырылуда. Ұлттық құрылтайдың жұмысы қоғамымыздың бірлігін нығайтуға және еліміздің тұрақты дамуына бағытталған маңызды қадам болып саналады. Атырау мұнай және газ университеті осы мақсаттарға жету жолында өз міндеттерін адал атқаруды жалғастырады, жастарды білім мен патриоттық тәрбиеге баулып, еліміздің болашағына сеніммен қарайтын мамандар дайындауда.
Гүлзада ШАКУЛИКОВА,
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің басқарма төрағасы—ректор